Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Кербұлақ ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

БАСШЫ БЛОГЫ

 

Қош келдіңіздер!

Құрметті сайт қонақтары, біздің сайт білім беру саласына байланысты өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылауда қатысуға мүмкіндік болып табылады.

Біздің мақсаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына негізделген:     

-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру;    

-білім жүйесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, болашақта оны жетілдіруін дамыту;

-мектепке дейінгі мекемелердің, кіші-орталықтар желісін дамыту;

-халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру;

-ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру;     

-электронды оқыту жүйесінің жұмыс істеуі үшін мұғалімдер мен электронды оқыту жүйесі әкімшілерін даярлау және біліктілігін арттыру;

-орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік беру;

- білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастырып белсенділігін арттыру.
Көп жағдайларда, біздің жұмыс жұртшылыққа елеусіз өтеді. Сондықтан біздің жұмыс туралы ақпарат осы арнайы сайтымызда қол жетімді болады. 

Аудан білім бөлімінің арнайы мемлекеттік WEB-порталы, оқу орындарының өмірінде білім беру жүйесі мен қатысуы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетеді. Біз ынтымақтасуға дайынбыз. Біздің интернеттегі қызметіміз болашақта тиімді болады деген сенімдеміз.

Құрметпен,

Білім бөлімінің басшысы – Ақылбек Бексұлтан Ақылбекұлы.



 
     

 

Copyright © 2017, Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі

 

КІРУ